Мемлекет басшысының алдағы жұмыс сапарларына қатысты аңдатпа - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының алдағы жұмыс сапарларына қатысты аңдатпа

09.10.2019

Енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жұмыс сапарларына қатысты аңдатпа. Ертең Президент Ақтау қаласына барады. Онда қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. 

Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады. Ал қазанның 11-і күні Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барып, Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады.


Хабарламаларға жазылу