Швейцариялық ғалымға ғылыми жаңалық ашқан соң 24 жылдан кейін Нобель сыйлығы берілді

09.10.2019

Швейцариялық екі астрономға ғылыми жаңалықты ашқан соң 24 жылдан кейін Нобель сыйлығы берілді. Мишель Майор мен Дидье Кело 1995 жылы Күн жүйесінен тыс алғашқы ғаламшарды анықтаған. Содан бері Құс жолында 4 мыңнан астам экзопланета табылып, бұл жаңалық астрономиядағы революция атанды. Ғалымдар сол еңбектері үшін талай жыл өткенде Нобель сыйлығы берілгеніне таңданып отыр. Айта кетсек, кеше физика бойынша осындай марапатқа «физикалық космология саласындағы теориясы үшін» америкалық Джеймс Пиблз де ие болды. 

Сонымен қатар бүгін химия саласы бойынша 2019 жылдың нобельдік лауреаттар анықталды. Олар: америкалық екі зерттеуші - Джон Гуденоф пен Стенли Уиттинхэм және жапониялық Акира Ёсино. Бұл трио құнды жүлдеге литий-йондық батареяларды жетілдіріп, дамытқаны үшін лайықты деп танылған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу