Халықтың қаржысын үптеп кеткен экс-банкир қандай қитұрқы әрекетке барды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың қаржысын үптеп кеткен экс-банкир қандай қитұрқы әрекетке барды?

05.10.2019

7,5 миллиард доллар. Осынша ақшаны Мұхтар Әбіләзов өзі басқарған БТА банктен алып қалтасына басқан, қашқан. Бұл ресми дерек, яки дәлел. Бұдан соң еуропада отырып алып қазаққа ақыл айту ақылға сыйымсыз дүние екенін білеміз, бірақ ел неге иланады деген үмітіңнің күлін көкке ұшыратын күдік бар кеудеде. Мұндайда қазақ: "білген кісі ұрыны пақыр дейді, білмеген кісі ұрыны батыр дейді". Жұртты жазғыруға болмайды. Көптің көзі ашық, қазақтың өз ақылы өзіне жетеді, айдаладан аттандап ермек іздегенге ермейді. Дәлел сұрап тергейді, сонда қашқан қылмыскерлер ақталып әбден терлейді. БТА банктің қорынан қолды болып Мұхтар Әбілазовтың қалтасына түскен 7,5 миллард доллардың ішінде 226 мың адамның 238 миллиард теңге ақшалай салымы, 1 миллион қазақстандықтың 21 миллиард теңге жалақысы болған. Бұл ақпаратты сол кезде банкті басқарғандар білмеді емес, білді. Бірақ ұрлады. Жұртқа осынша қиянат жасаған адам елден қолымен істеген қылмысы үшін кешірім сұрауы керек емес пе? Кешірім демекші, Әбіләзов екі мыңыншы жылдардың басында абақтыға айдалғанда кешірім сұраған еді, көрейік...

Өкінген кейіппен кешірім сұрады қазір қашып жүрген экс-банкир. Кешірім алды. Бірақ артынша қарапайым елдің қаржысын қалтаға басып қашты. Бұл да сотта дәлелденген деректер. Халықтың жинап-тергенін үптеп кеткен Мұхтар Әбіләзов қандай қитұрқы әрекетке барды? Өзге түгілі өзінің жанында жүрген серіктерін алдап соққаны қалай?

Назым ҚАЙРАТ


Хабарламаларға жазылу