Қазақ телевизиясының ардагерін зейнеткерлікке шығарып салу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясының ардагерін зейнеткерлікке шығарып салу шарасы өтті

04.10.2019

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Алматы филиалының директоры Марат Иманғалиұлы Сандықбаевты зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. 

Марат Сандықбаев телевизия саласында 40 жылдай еңбек етіп, білікті ұйымдастырушы ретінде көрінді. Аталмыш шарада «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай құттықтау сөз сөйлеп, бағалы еңбегіне алғыс білдірді.

Марат Сандықбаев еңбек жолын 1974-1975 жылдары Жезқазған облыстық телевизиясында кинооператор, телевизия және радио дикторы қызметінен бастаған. Кейін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Алматы филиалының директоры қызметтерін атқарды.

Нұртілеу Иманғалиұлы, қазақ телевизиясының ардагері:

45 жыл - аз уақыт емес. Біз Марат екеуміз 1974 жылы бірге келдік. Содан бері араласып, қызмет етіп келеміз. Марат Сандықбаев - нағыз ардагер.

Хабарламаларға жазылу