Мектептерде экологиялық сағат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде экологиялық сағат өтті

03.10.2019

Үкімет мүшелері, өңір әкімдері жер-жердегі білім ошақтарына барып, дәріс оқыды. Тәрбиелік мәні бар сабақтардың бірі елордадағы №74 мектепте өтті. Оқушылар алдында сөз сөйлеген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өскелең ұрпақты табиғатты аялауға шақырды. Табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыратын, дүниетанымын кеңейтетін терең әңгімелерді айтты. Содан соң оқушылармен бірге мектеп ауласына 100 түп ағаш отырғызды. 

Айта кетейік, Қазақстанда ағаш отырғызу акциясын кеше Премьер-Министр Асқар Мамин бастап берген еді. Жоспар бойынша бүгін ел аумағында 200 мың түп ағаш отырғызылады. Ал экологиялық акция аясында осы күзде 1 млн ағаш егілмек. 

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Осы экологиялық сағаттардың мәні зор. Себебі табиғатқа жанашырлық - елімізге деген жанашырлық. 

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу