Ирактың үш қаласында коменданттық сағат жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактың үш қаласында коменданттық сағат жарияланды

03.10.2019

Ирактың бірнеше провинциясында өткен үкіметке қарсы шерулер кезінде кемінде 9 адам қаза тауып, жүздегені жараланды. Қауіпсіздік күштері демонстранттарға көзді жасаурататын газ шашып қана қоймай, рас оқ атқан. Халық жұмыссыздыққа, коррупцияға, мемлекеттік қызметтердің нашарлығына наразылық білдіріп көшеге шықты. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Бағдад, Насирия қалаларында 200-ден астам адам жараланды. Елдегі жағдайдың ушыққаны сонша, үкімет үш қалада коменданттық сағат жариялады. Сонымен қатар, көшелерге әскери техника шығарылып, Facebook, Twitter, WhatsApp тәрізді әлеуметтік желілер бұғатталып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу