Оралда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

03.10.2019

Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 9 қабатты тұрғын үй тапсырылды. 216 пәтердің кілті көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлжуаз отбасыларға берілді. Баспаналар 13 санат бойынша тұрғын үй кезегіндегі жанұяларға арналған. 

Қоныс тойын тойлағандар қатарында жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жандар да бар. Бір және екі бөлмелі пәтерлердің аумағы - 40 және 70 шаршы метр аралығында.

Қазір қалада тағы 14 көпқабатты үй салынып жатыр. Оның төртеуі әлеуметтік жағынан осал топтарға берілмек. Жыл соңына дейін 5 үй тапсыру көзделген. 

Салтанат Дәулетәлиева, көпбалалы ана:

Көптен күткен қуаныш. 13 жыл болды кезекте тұрғаныма. Бүгін үй алып жатырмын. 5 балам бар. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу