Халықаралық көрме ядролық қарудан бас тартуға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық көрме ядролық қарудан бас тартуға шақырады

02.10.2019

Елордада «Сіз бағалайтынның бәрі – ядролық қарудан азат әлем үшін» халықаралық көшпелі көрмесінің тұсаукесері өтті. Іс-шараны Жапониядағы Қазақстан елшілігі жанындағы Ядролық қаруды жоюдың халықаралық компаниясы ұйымдастырды. Көрме Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыстың 30 жылдығына орайластырылып отыр.

Алғаш рет 2012 жылы өткізілген көшпелі көрме осы уақытқа дейін әлемнің 93 мемлекетін аралаған. Шара Елбасы кітапханасында қазанның 13-не дейін жалғасады. 

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

Бұл көрме арнайы дайындықпен жасалған, өйткені алғаш рет посткеңістік және Орталық Азия елдерінде осындай көрмені көрсетіп отырмыз.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу