Атыраулық оқушылар салт аттылар экспедициясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық оқушылар салт аттылар экспедициясына қатысты

02.10.2019

Олар 7 сағатта 40 шақырымды еңсеріп, бабалардың ізі қалған киелі орындарға ат басын бұрды. Атап айтқанда, Индербор кентіндегі батыр Махамбет Өтемісұлының мазары орналасқан Қараой жазығына, сан ғасырлық тарихы бар шипалы Тұздыкөл алқабына, сондай-ақ әйгілі Малайсары би кесенесіне барды.  

Тағылымы мол бірегей бастама Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жастардың атқа міну мәдениетін қалыптастыру және тарихымызбен етене жақын таныстыру үшін ұйымдастырылды.

Ахмет Әбжапаров, облыстық «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы:

Ата-бабамыздың жүрген жолын көрдік. Барлығын сезіндік. Өте керемет болды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу