Қазақстандық әуе компаниялары «қара тізімнен» шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әуе компаниялары «қара тізімнен» шықты

08.12.2016
Еуропалық комиссия жолаушы тасымалдауға қауіпті деп есептеп келген қазақстандық әуе компанияларды «қара тізімнен» шығарды. Бұл туралы бүгін Брюссельде көлік жөніндегі Еурокомиссар Виолетта Бульц мәлімдеді.
Еліміздің азаматтық авиация комитеті Еурокомиссияның әуе қауіпсіздігі комитетімен бірге осы мәселені шешу үшін ұзақ жылдар келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, бүгіннен бастап қазақстандық кез келген әуе компаниясы Еуроодақ елдеріне еш кедергісіз ұша алады.

Хабарламаларға жазылу