Петропавлда ұстаздар ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ұстаздар ұлықталды

01.10.2019

Ұстаздар күнін Петропавлдағы Ұлттық Ұлан әскери институтының ұжымы да атап өтті. «Жылдың үздік оқытушысы», «Үздік кафедра», «Үздік лингвист», «Үздік оқу батальоны» сынды 15 номинация бойынша мұғалімдер марапатталды. 1997 жылы іргесі қаланған білім ордасы бүгінде еліміздің қарулы күштері қатарына жыл сайын білікті кадрлар даярлайды. Бұл оқу ордасын тәмәмдаған сардарлардың алды полковник шенін алған. 

Бауыржан Әбжанов, ҚР Ұлттық ұлан әскери институтының басшысы:

Қазіргі таңда, Ұлттық Ұлан әскери институтында 105 оқытушы еңбек етіп жатыр. Біз жылда осылай ұстаздар күнін кен көлемде атап өтеміз. Оқытушыларды келе жатқан кәсіби мерекемен тағы бір мәрте құттықтаймын. Жұмыстарыңыз жемісті болсын. Мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу