Аягөз ауданы ауыл шарушылығын дамытуда облыс бойынша көш басында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз ауданы ауыл шарушылығын дамытуда облыс бойынша көш басында тұр

30.09.2019

Шығыс Қазақстандағы Аягөз ауданы ауылшарушылығын дамытуда облыста көш бастап тұр. Әсіресе төрт түлікті асылдандыру мен өсіру бойынша шаруалар жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Мемлекеттің қолдауымен агротехника сатып алу да соңғы жылдары қарқын алды. Тек биылдың өзінде аудандағы шаруашылықтар 441 миллион теңгеден астам қаржыға отандық және шет елдік техниканы керегіне жаратты.

Жұмағазы Тоқжанов 23 жылдан бері асыл тұқымды мал өсірумен айналысып келеді. Жыл санап қазақтың ақ бас сиырының санын арттыруда. Жеткен жетістігін мемлекет жасап отырған жеңілдіктердің арқасында деп санайды. Биыл «Лизинг» арқылы біраз техникасын жаңалап алған. Осындай зор қолдау барда, ауыл шарушылығын дамытуға жастардың ден қойғаны жөн дейді шаушылық басшысы.

Жұмағазы Тоқжанов, «Жаңа Ауыл» ШҚ жетекшісі:

Сондықтан жастарға шұғылданып, техникасын алып, осындай мемлекеттен көмек беріліп жатқанда. Мал да беріп жатыр ғой. Соны алып, ауылымызды көркейтсе деймін.

Ал «Бектас» шаруа қожалығы 2016 жылдан бері жер өңдеп, шөп шабуға арналған 9 трактор алған. Биыл Германиядан озық үлгідегі комбайын мен, шөп жинайтын қондырғылар әкелді. Жақында сол елден егін егуге арналған үлкен кешен сатып алмақ. Өңірдегі ең ірі шарушылықтардың бірі, ірі қара мен жылқы өсіреді. Қазір жем-шөп дайындау науқаны аяқталды. Заманауи техника алғалы, жұмыс өнімділігі арта түскен.

Сабыржан Сағатов, «Бектас» ШҚ меңгерушісі:

Жұмыс істеген жеңіл. Комбайнның ішінің бәрі компьютер. Адамға ыңғайлы жасалған түгел. Арпа шауып болдық. 1750 гектар. Енді бидайды бастап жатырмыз. Шөпті шауып жатырмыз.

Қажет техникаларын мемлекет қолдауымен жаңалап жатқан шаруашылықтардың соңғы жылдары даму қарқыны жақсарған. «Асыл тұқымды мал саны да күрт көбейді»,- дейді аудан басшысы.

Ділдәбек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі:

Техника алу мәселесі жөнінен облыстағы үш аудан болса, ең көп алған, соның біреуі — Аягөз ауданы. Жалпы соңғы жылдары 300-ден астам техникалар алынды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша өндірілген ауыл шаруашылық өнімінің 6,8 пайызы Аягөз ауданының үлесінде. Бір жылдағы өнімнің жалпы көлемі 17 миллиардқа жетіп отыр.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу