Қылқалам шеберлері тарихи жердің қазіргі бейнесін суретке салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылқалам шеберлері тарихи жердің қазіргі бейнесін суретке салды

27.09.2019

Қылқалам шеберлері тарихи жердің қазіргі бейнесін суретке салды. Қызылжарда ежелгі Ботай қонысының аумағында ауқымды өнер шарасы өтті. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстаннан келген суретшілер алғаш рет жылқы қолға үйретілген жермен танысып, сол жердің табиғатын өнер туындысына арқау етті. Жалпы 80-нен астам картина жазылған. Енді бүгін бұл суреттер облыс тұрғындарының назарына ұсынылады. Ары қарай өзге де өңірлерде көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу