Францияның экс-президенті Жак Ширак 86 жасында дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның экс-президенті Жак Ширак 86 жасында дүниеден өтті

26.09.2019

Бүгін Францияның экс-президенті Жак Ширак 86 жасында дүние салды. Марқұм өз елін 1995-2007 жылдар аралығында екі мерзім басқарды. Күйеу баласының айтуынша, Ширак отбасының ортасында қайтыс болған. Оның неден өмірден өткені белгісіз. Бірақ Элисей сарайының бұрынғы қожайыны кейінгі жылдары нейрологиялық проблемалардан зардап шеккен.

Жак Ширак — Францияның соғыс жылдарында еврейлерді қудалағанын мойындаған алғашқы француз лидері. Және де ол 2003 жылы АҚШ-тың Иракқа басып кіруіне қарсылық білдіріп, ұлт мақтанышына айналды.

Ширак Францияны еуровалюта аймағы мен НАТО-ға кіргізіп, ғаламдық деңгейдегі көрнекті дипломат болды. Дегенмен ол бір кездері өз елінің экономикасын реформалай алмады және де Париж мэрі болып тұрғанда мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсады деп айыпталды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу