Терроризмді қаржыландыруды шектейтін заң жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризмді қаржыландыруды шектейтін заң жобасы таныстырылды

26.09.2019

Мәжілісте қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасы таныстырылды. Құжатта жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі жасалады. Осы тізбеге енгізілген тұлғалардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуі туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттеріне хабарламалар жіберіледі. Заңды қабылдау еліміздің ашық қаржы жүйесі бар қауіпсіз ел ретінде инвестициялық имиджін арттыруға ықпал етеді.

Индира БЕГАЙДАР 


Хабарламаларға жазылу