«Learning how to learn» онлайн-курсы қазақ тілінде жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Learning how to learn» онлайн-курсы қазақ тілінде жарияланды

27.09.2019

Таныстырылымға осы қурстың авторы, техника ғылымдарымның докторы, Окленд университетінің профессоры Барбара Оакли қатысты. 

Онлайн-курста нейробиология ғылымының жетістіктері оқу мен жаңа дағдыларды жылдам үйрену жолдары түсіндірілді. Ал аталған курс - әлемдегі ең танымал дәрістердің бірі, сонымен қатар зор сұранысқа ие. Оны әлемнің 200-ден астам елінен 2,5 млн адам тыңдаған. Курс қазақ тіліне аударылып қана қоймай, қазақ аудиториясына арнайы бейімделіп дайындалды.

Нартай Әшім, жоба жетекшісі:

Өмір дағдыларын жетілдіру, өмірге қажетті ұзақ мерзімді оқу тек қана мектеп пен университеттің деңгейінде қалып қоймай, өмір бақи оқу концепциясы насихатталады. Сондықтан осы салада біздің қашық елді мекендерде орналасқан жастарға, балаларға, оқушыларға және мұғалімдерге өте керемет мүмкіндік. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу