Мемлекет басшысы «Eurasia Group» компаниясының президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Eurasia Group» компаниясының президентімен кездесті

26.09.2019
Мемлекет басшысы «Eurasia Group» компаниясының президентімен кездесті

Нью-Йоркке сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, «Eurasia Group» зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар кездесу барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.

Хабарламаларға жазылу