Қазақстан әнұраны үзіліп кеткенде, спортшы қыздарымыз өз даусымен жалғап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әнұраны үзіліп кеткенде, спортшы қыздарымыз өз даусымен жалғап кетті

25.09.2019

Әнұранды жанды дауыста шырқаған қазақстандық спортшылардың әрекеті жұртты сүйсіндірді. Үндістанның Бенгалуру қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы су спорты сайысында әнұранның аудио жазбасы кенет үзіліп қалған. Бірақ біздің спортшылар тосылып қалмай, оны жанды дауыста орындап шықты. Қыздарымыздың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары мен шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті. Осылайша, өз елінің нағыз патриоты екенін көрсете білген қазақстандықдар басты сыннан да сүрінбей өтіп, қарсыласы – қытайлықтарды 11:10 есебімен ұтты.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу