Қазақстан баламалы энергия жобаларына бет бұрған Орталық Азиядағы мемлекеттердің алды. Бүгін Елордада өткен «жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ІІІ саммитке» келген қонақтар бұған көзін жеткізді. Әзірге елімізде өндірілетін энергияның 2 пайызы ғана жасыл жолмен өндіріледі. Отандық мамандар, жасыл энергияның көлемі 2050 жылға қарай 50 пайызға жетеді деп отыр.
Біздегі энергияның 98 пайызы көмірді өртеу арқылы өндіріледі. Осы тәуелділіктен арылу. Бүгінгі саммитте сараланған басты мәселе осы. Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевтың мәліметінше, қазір Қазақстанда 81 жаңартылмалы энергия көзі тұрақты жұмыс істеп тұр.
Арман Қашқынбаев, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры:
Күн, жел, су. Осы үшеуінен өндірілетін энергияның мөлшері 2 пайызға жуық. Біз қазір биоэнергетика мен биотермалды энергия саласын дамытуды қолға алдық. Саммит барысында, инвесторлар мен шетелдік өндірушілерді елге тарту жайын кеңінен талқыладық.
«Қазақстан баламалы қуат көзін шетелге сататын күн алыс емес»,-дейді отандық мамандар. 2050 жылға қарай жасыл энергияның үлес салмағы 50 пайызға жуықтамақ. Ішкі нарықты қамтамасыз етуден артылған энергия шетелдерге экспорттауға да мүмкіндік ашылады деген мақсат бар.
Елдос Абақанов, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:
Аймақтық аукцион өткізіледі... Мемлекет энергияны саты алады.
Саммит қонақтарының ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Сарапшылар Қазақстан астанасына жасыл экономикадағы соңғы өзгерістер туралы пікір алмасу үшін арнайы келді. Сонымен қоса, қатысушылар электромобильдердің алғашқы шеруіне қатысады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ