Кеден ісі бойынша заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеден ісі бойынша заң жобасы мақұлданды

25.09.2019

ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіретін құжатты жетілдірілмек, Мәжілістің жалпы отырысында тиісті құжатты ратификацяилау үшін заң мақұлданды. Мәліметтерді беру, сауалдардың мазмұны, сауалды орындау, алынған ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты бірқатар негізгі баптарға өзгерістер енгізіледі. Ақпаратпен алмасу орталық кеден органдары арасында да, сол сияқты тікелей аумақтық органдарының арасында да жүзеге асырылады. Келісімге 25 жылдан бері өзгеріс енгізілмеген. Енді заң жобасын қабылдау кедендік бақылаудың тиімділігін көтеруге, кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етеді  

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу