Әлем елдері Бейжіңді айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдері Бейжіңді айыптады

25.09.2019

Әлемнің Америка Құрама Штаттары бастаған 30-дан астам елі Қытайды Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы «сұмдық қуғын-сүргін науқанын» жүргізіп жатыр деп айыптады. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, сол мемлекеттерге Еуропа одағы мен 20 шақты үкіметтік емес ұйым және ұйғыр белсенділері де қосылған. Алайда, Қытай сыртқы істер министрлігі Американың «өтірігі шындық пен фактілер алдында тас-талқаны шығады» деп мәлімдеді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, Қытай Шыңжаңда бір миллиондай ұйғыр мен өзге де мұсылмандарды қамауға алған. Ресми Бейжіңнің сөзінше, ол мұсылмандар экстремизмнен бас тартып, жаңа мамандық игеруі үшін «кәсіби дайындықтан өту орталықтарына» жіберілді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу