«Орталық – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орталық – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды

23.09.2019

«Орталық – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елдерінің әскери қызметшілері, 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақ, 600 шамасында ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған. Қатысушылар бірнеше тактикалық операцияларды орындады. Сондай-ақ заңсыз әскери құрылымдарға шабуылдау бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Халықаралық оқу-жаттығудың нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілерді медальдармен марапаттады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу