Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Словакия Ұлттық Кеңесінің спикері А.Данкомен кездесті
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Словакия Ұлттық Кеңесінің спикері Андрей Данкомен кездесті. Мәртебелі мейман Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне қатысу үшін арнайы келген. Екі тарап мемлекетаралық, соның ішінде, парламентаралық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады. Нұрлан Нығматулин Словакияның осы жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп отырғанын және осы халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың маңызды екенін айтты. Қос тарап алдағы уақытта екі елдің парламенттерінің, оның ішінде комитеттер арасындағы байланысты нығайтып, заңнамалық жұмыста тәжірибе алмасу керектігіне назар аударды.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16