Стартап жобалар байқауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стартап жобалар байқауы

23.09.2019

Қазақстанның жер асты сулары ластанған. Тек қана Батыс өңірінің өзінде үш облыстың 25 пайыз аумағына мұнай қалдықтары қосылып кеткен. Ал алматылық студенттер бұл проблеманы шешудің тың тетігін ойлап тапты. Ерекше жоба Елордада өтіп жатқан "Energy challenge"зияткерлік конкурсында ұсынылды. Бүгін - доданың жартылай финалы. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 9 команда қатысып жатыр. Тақырыптары әр алуан. Әсіресе, қоршаған ортаға шығындарды төмендету бағытында түрлі идеялар көп. Байқаудың қорытындысы ертең шығады. Ал Алматылық команда ластанған жер асты суларын ұзақ уақытқа созбай-ақ, 20 күнде тазартып шығуға болады деп отыр.                             

Мерей Темірқас, байқауға қатысушы: 

Жер асты суларын тазалаудың әр түрлі методтары бар. Ең тезі - ол біздің метод. Себебі 20 күн ішінде тазалайды. Яғни 6 ай бір жыл күтпейсіз. Басқа методтары бар, мысалы биологиялық қоспалар қолданып, өсімдіктерді қолдануға болады. Бұл жобаларды 1 жыл одан да көп уақыт күту керек болады. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу