Қазақ Ұлттық өнер академиясы жанынан жатақхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Ұлттық өнер академиясы жанынан жатақхана салынады

23.09.2019

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясындағы оқытушылардың әлеуметтік ахуалы жақсартылады.

Бұл туралы оқу ордасының жаңа ректоры халыққа берген есебінде айтты.

Мәселен, биыл бірінші курсқа келген студенттердің саны көп болғандықтан, жаңа оқу корпустары мен жатақханалар салынады. Себебі, ең алдымен шәкірттердің алаңсыз білім алуына жағдай жасауымыз керек, деді ректор. Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" мен "Ұлы даланың жеті қыры"бағдарламаларын іске асыруға бағытталған бірқатар жоба қолға алынады. Ал, биылғы Жастар жылы академия үшін өте табысты болды. Себебі, Әділхан Макин, Бексұлтан Кенішқалиев сынды тәлімгерлер халықаралық байқауларда топ жарып, елдің мерейін асырды.

Қабыл Халықов, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры:

Біздің академиямызда негізі 6 факультет бар. Оның негізіоқу әдістемелік жұмыс, білім беру, ғылым, халықаралық шығармашылық және сондайбағыттар бойынша есеп беріледі. ++02:48 Атап айтқанда, 2019-2024 жылдар аралығындағыперспиктивалық жоспары бүгін нақты атап көрсетіледі және сол бойынша жұмыс жасалады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу