Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствасы Әблязовтың жақтастарын өз еріктерімен берілуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствасы Әблязовтың жақтастарын өз еріктерімен берілуге шақырды

20.09.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствасы Әблязовтың жақтастарын өз еріктерімен берілуге шақырды. Кінәларын толық мойындап, істеген әрекеттеріне өкінгендер әкімшілік жазамен құтылады. «Яғни оларға ешқандай да қылмыстық іс қозғалмайды»,- деді Агенттік өкілдері. Ал осыған дейін Алматы қаласында Әблязовтың 7 сыбайласына қатысты сот үкімі шыққан болатын. Әрқайсысына 1,5 мыңнан 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Жалпы, Әблязов ісіне 100-ден астам адамның қатысы бар. Бүгінгі күні олардың 52-сі сотталды, істеріне өкінген 30 адамға шара қолданылды, ал қалған 18 адам әлі қашып жүр.

Сергей Перов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

Біз істің объективті қаралатынына кепілдік береміз. Әблязовтың әр серіктестігі туралы зерттедік, анықтадық. Кімнің қандай мақсатпен, қандай рөлде жүргенін де білеміз. Өз еркімен оралғандардың бәрі алданып қалғандарын айтты. Ал өз еріктерімен қайтпағандарға заң бойынша, халықаралық құқықтық ынтымақтастық аясында, соның ішінде экстрадициялау арқылы шара қолданамыз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу