«Климатқа арналған жұма» шеруі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Климатқа арналған жұма» шеруі басталды

20.09.2019

Әлемде климаттың өзгеруіне қарсы ауқымды ереуілдер басталып жатыр. Бүгін миллиондаған оқушы шеруге шығып, дүниежүзі елдерінің лидерлерінен планетаны экологиялық апаттан құтқару шараларын қабылдауды талап етпек. Мұндай акциялар Австралияда, АҚШ-та, Еуропада, Азияда өтеді. Осыдан бірер сағат бұрын Австралия мен Тынық мұхит аймағындағы қалалардың көшелеріне мыңдаған өрен шықты. 

Сонымен қатар, демонстрациялар Жапония, Корея, Сингапур, Таиландта да басталып жатыр. Болжамдарға қарағанда, осындай демонстрациялар жер шарының 150 елінде өтуі мүмкін. 

«Климатқа арналған жұма» акциясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық әрекет саммиті қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – ауа райының шектен тыс жылынуы планетаға қауіп төндіріп тұрғанын бір дауыспен әлем мемлекеттері басшыларына жеткізу.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу