Белгілі қаламгер оқырманмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі қаламгер оқырманмен кездесті

18.09.2019

Алматыда журналист-жазушы Доқтырхан Тұрлыбек оқырманмен кездесті. Жазушылар одағында болған жиынға қаламгердің достары мен шәкірттері де қатысты.

Доқтырхан Тұрлыбек 1949 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. "Қазақстан" ұлттық арнасында реракторлықтан бастап, басшылық қызметтерді де атқарды. Сонымен қатар, кино саласында ұзақ жылдар жұмыс істеген. Жазушының «Түбі түскен шелек және сыпыртқы», «Сталиннің мүштігі», «Қазақ қалжыңдары», «Қалша Қожаның қалжыңдары» атты жинақтары жарық көрген. Ол - отызға жуық деректі бейнефильмнің авторы әрі режиссері. Шығармалары орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. 

Қалила Омаров, кинорежиссер:

Жиырмасыншы ғасырдың аяғы, жиырма бірінші ғасырдың басы Қазақ қоғамы үшін өте күрделі болды. 

Хабарламаларға жазылу