Арзан отын уақытылы жеткізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арзан отын уақытылы жеткізілуде

18.09.2019

Күзгі егіс науқанына мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілетін дизель отынының 65 пайызы таратылды. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов мәлемдеді. Жалпы 395 мың тонна диқандарға арзан бағамен сатылады деп жоспарланған. Тоннасына 198 мың теңге. Зауыттардың өздері қазір жалпы сатылымға дизель отынын кемаінде 212 мың теңгемен жөнелтіп отыр. Сондықтан бұл диқандар үшін біраз жеңілдік дейді вице-министр. Ал, кей шаруа қожалықтарына арзан отын кешіктіріліп жеткізілуіне қаржы мәселесіндегі шикіліктер кедергі болып тұрған көрінеді. 

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Келісімшартқа қол қойғаннан кейін 10 күннің ішінде сельхоз оператор ақшаны аударуы керек. Аудармаған жағдайда ол нарықта сатылып кетеді. Зауыттарда түгелімен ол дизель отыны былай айтқанда сақтауға мүмкіндігіміз келмейді. Біздер зауыт тоқтамау үшін күн сайын сатып тұру керекпіз. Сондықтан сатуға мәжбүр боламыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу