Бәсекеге қабілетті өзгерту тақырыбында әлемдік саммит өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәсекеге қабілетті өзгерту тақырыбында әлемдік саммит өтті

17.09.2019

Жаңа кез-келген маман иесіне креативті, жасампаз болуды талап етіп отыр. Елордада өтіп жатқан ғаламдық инновациялық саммитте ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев осындай пікір білдірді. Еңбек сипаты, экономикалық трендтер құбылып тұр. Қазақстан Үкіметі бәсекеге қабілеттілікті дамытып, инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін 8 реформалық құжат дайындауда. Бұл құжаттар 20-дан астам реформалық өзгерісті қамтымақ.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бізде гиперинфляция болып, жұмыссыздар саны 2 миллион адамға жеткен болатын. Бір жылдың ішінде жалпы ішкі өнім 60 пайызға құлдырады. 30 жылда бұл көрсеткіш 11 миллиард АҚШ долларынан 111 миллиард долларға өсті. Орта Азиядағы жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Дебора Винс-Смит, GFCC Президенті:

Қазақстан өз дамуында елеулі жетістіктерге жетті. Қазақстан Орталық Азиядағы көщбасшы деп еш күмәнсіз айта аламыз. Ширек ғасырда іске асқан реформалар өз нәтижесін беріп отыр. Сол себепті, жаһандық форумды сіздердің елдеріңізде өткізуді жөн санадық.

Қазақстанға осы жылдары 300 миллиард доллардың инвестициясы тікелей құйылды. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша 12-орында тұрмыз. Өмір сұру ұзақтығы 72 жастан асты. Үш күнге жалғасатын саммитке 50-ден астам халықаралық сарапшы қатыспақ. Жыл сайын әлемнің әр елінде өтетін ауқымды шара Қазақстан астанасында тұңғыш рет өтуде.

Әнуар Боранбаев, «Консалтингтік зерттеу орталығы» компаниясының серіктесі:

Алдағы уақытта бәсекелестік ұлт немесе мемлекеттер арасында емес, ірі қалалар арасында болмақ. Көптеген сарапшылар «адамдарды ауылда тұруына жағдай жасау керек» дейді. Шындығында адамзат сапалы өмір сүру үшін ірі мегаплоистерге ұмытылуда.

Біз ірі қалалар дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Сол үрдістен қалмау үшін таланттар мен инновациялы шешімдерді, ірі ғылыми институттарды, кіші және шағын бизнесті кеңінен тарта білу керек. Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін кешенді ғылыми зерттеу жүргізбек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ 


Хабарламаларға жазылу