ҚР Қорғаныс министрлігінің АОСК-СК спортшылары Асхат Ділмұхамедов пен Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасына жолдама алды. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатына қатысуда.
Асхат Ділмұхамедов чемпионаттың жартылай финалында 44 келі салмақ дәрежесінде шығып, Олимпиадалық ойынға жолдама алды. ¼ финалда Асхат сербиялық спортшы Виктор Немештен басым түсіп, жекпе-жек 4:3 есебімен Асхаттың пайдасына шешілді. Сонымен қатар алдыңғы раундта екі дүркін Олимпиада чемпионы Роман Власовты (РФ) турнирда жеңіп, Әлем чемпионатында таңғаларлық ойын көрсетті.
Екінші әскери спортшы Мейрамбек Айнағұлов 60 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, грек-римдік күресте 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін нормативті орындап шықты. Мейрамбек бірінші жекпе-жегін Бразилияның атынан өнер көрсеткен Марат Гариповпен өткізді. Айнағұлов қарсыласын 9:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Қорғаныс министрлігінің спортшысы екінші тартыста литвалық Юстас Петравичусті 4:2 есебімен жеңісті қанжығасына байлады. Төрттік финалдағы ойында Мейрамбек Хорватия спортшысы Иван Лизотовичтен басым түсіп, тағы бір мәрте жеңіске жетті. Айнағұлов тек жартылай финалда ғана ресейлік Сергей Емелинге басымдық берді. Ендігі Айнағұлов пен Ділмұхамедов қола жүлде үшін сайысқа түсетін болады.
mod.gov.kz