Белгілі халықаралық коуч – Ник Вуичичтің мастер-класы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі халықаралық коуч – Ник Вуичичтің мастер-класы өтті

13.09.2019

«Шекарасыз өмір». Осындай ұстанымдағы атақты халықаралық коуч Ник Вуйчич елордаға келді. «Синерджи Глобал Форум - 2019» шарасы аясында ұйымдастырылған тренингті алдымен бас қала басшысы Алтай Көлгінов ашты. Осыдан соң қала тұрғындары мен қонақтары көптен күткен спикерді ду қол шапалақпен қарсы алды. Ник Вуйчич туғанынан сирек кездесетін дертке шалдықса да, еш мойыған емес. Есесіне, әлемді шарлап, адамдарға бір-ақ рет берілетін өмірді қадірлеуді үйретеді. Оның пайымынша, мүмкіндікті аяқ-қолдың жоқтығы емес, қорқыныш сезімдері ғана шектейді. Ник Вуйчич төрткүл дүние бойынша осындай 3500 кездесу өткізіпті. Біздің елге бұған дейін де келген. Енді Қазақстанға өз отбасын алып келуді армандайтынын айтты.

Ник Вуйчич, халықаралық коуч: 

Қазақстанды жақсы көремін! Махабаттарыңыз үшін мың алғыс! Менің 4 балам мен әйелім бар екенін білетін шығарсыздар. Мен оларды қатты жақсы көремін. Сәті түссе, олар да менімен Қазақстанға келсе екен деймін.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу