ЕЭО шарттарын орындамаған тараптар жазасыз қалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО шарттарын орындамаған тараптар жазасыз қалмайды

13.09.2019

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік бойынша алқа мүшесі Серік Жұманғарин айтты. Құрылғанына 5 жыл болып қалған Одақтың осы уақыт аралығында атқарған жұмыстары елордада пысықталды. Жиында Одаққа мүше елдердің сауда ережелерін бұзуы, кәсіпкерлерге келтірілетін кедергілер сөз болды. Алқа мүшесі көрші ел кәсіпорындарының Одақ ережелерін орындамай, кейде дау туындағанын жасырмады. Мәселен, қазір құлағы нашар еститін балаларға арналған аппарат саудасы бойынша іс тексеріліп жатыр. Одақтың ішкі нарығына осы құрылғыны жеткізетін компания қитұрқы әрекетке барып, нарықты өзара бөлісіп алған екен. Аппаратты қазақстандықтар Ресейден сатып ала алмайтындай жағдай жасалған. Ал құрылғы біздің елге жеткізілгенде оның құны 2,5 есеге өсіп кетеді. Осындай сауда ережесін бұзған компанияларға комиссия мүшелері арнайы шара қолданады. 

Серік Жұманғарин, Еуразиялық Экономикалық комиссияның бәсекелестік бойынша алқа мүшесі:

Заңды механизмдер бар. Арыз жазу керек. Біз арызды қараймыз. Комиссияға шығарамыз. Сосын кедергі салған мемлекетке қарсы шешім қабылдаймыз. Шешімді үш айдың ішінде жасау керек, орындау керек. Орындамаса, Кеңеске шығарамыз. Президенттерге жібереміз.  

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу