А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау басталды

13.09.2019

Мұғалімдер арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау басталды. Еліміздің әр өңірінен келген оқытушылар өзара үш кезең бойынша сынға түсуде. Яғни, оқу материалдары жөнінде бейне таныстырылым жасауда, педагогикалық-психолгиялық жағдаяттарға арналған тапсырмаларды орындауда және жарты сағат көлемінде сабақ беру үлгісін көрсетуде. Жеңімпаздарға қаржылай жүлде тағайындалған. Байқаудың басты мақсаты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұраларын насихаттау әрі жаңғырту. 

Айнагүл Көкен, ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы:

Біз қазір жүйемізді өзгертіп жатырмыз латын қарпіне көшуге байланысты жұмысты атқарылуда. Қазір оқытушыларды 72 сағаттық оқу курстары ұйымдастырылып жатыр. Оқытушылар алдымен сертификат алу жатыр олар сертификат алады олар сертификатқа ие болған соң аудиторияға сабақ бере бастайды. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу