Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 203 отбасы көшіп барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 203 отбасы көшіп барды

13.09.2019
Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 203 отбасы көшіп барды

«Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасын іске асыру аясында Павлодар облысына ерікті түрде қоныс аудару бойынша 2019 жылдың мамырынан бастап Қазақстан астанасынан Екібастұзға 203 отбасы немесе 1169 адам көшті, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс күші артық өңірлердің тізімін биылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласы толықтырды. Кеншілер қаласына көшуді шешкен елорда тұрғындары үшін Екібастұзда өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қоныс аударушыларды тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етеді, ал қажет болған жағдайда оқуға жібереді.

Елордадан Екібастұзға көшкен 203 отбасының 122-сі 3 бөлмелі пәтерге, 69 отбасы 2 бөлмелі пәтерге және 12 отбасы 1 бөлмелі пәтерге орналастырылды. «Нұрлы Ертіс» жобасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

2019 жылдың 8 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде еңбек күші тапшы өңірлерден 1650 отбасы немесе 5 918 адам көшіп келді.

Хабарламаларға жазылу