Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды

12.09.2019

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жүзеге асыруға 2020 жылы бюджеттен 94,6 миллиард теңге бөлінеді. Ал апатты мектептерді жоюға 287 миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталмақ. Бүгін Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған заң жобасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар қорғаныс, құқық қорғау органдарын қамтамасыз ету үшін бюджетте 1,5 триллион теңге қарастырылған. Көпті алаңдатққан студенттердің жатақхана мәселесі де 2022 жылға таман шешілуі мүмкін. Байыппен байыптап, сақадай салмақтаған Үкімет мүшелері 75 мың орындық жатақхана салынады деп сендірді. Ал сарапшылардың пікірінше, ашық тұрған қазаннан қарпып қалғысы келетін квазимемлекеттік секторға қаржыны қысқарту қажет. Құжаттың шикі тұстары алдағы жұмыс топтарының отырыстарында қаралады, оған қоғам белсенділері де қатысады.

Татьяна Яковлева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:  

Тұңғыш Президент «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің отырысында жалпы ішкі көлемді 7,5 пайыздан кем емес қамтамасыз етуіміз керек екендігін айтты. Бәріміз осы мақсатта жұмыс істеуіміз керек. 

Индира БЕГАЙДАР 


Хабарламаларға жазылу