Елімізде «Qazaq organic food» атты жаңа бренд пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Qazaq organic food» атты жаңа бренд пайда болды

21.11.2016
Елімізде органикалық өнімдер жаңа брендпен шығады. Тауардың бұл атымен қоспасыз, таза, табиғи көкөністер сатылады.

Бүгін отандық өнімдердің экспорттық әлеуеті жөнінде баяндаған Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері осындай жаңалықпен бөлісті.

Алайда, мамандар тауар таңбасын көрсеткен жоқ. Себебі, заңнамалық тұрғыда әзір қорғалмаған. Белгілісі, бұл брендке кез-келген шаруа өз өнімін ұсына алады. Ал, министрлік кәсіпкерлерге тауарларын жарнамалауға, өткізуге көмек қылмақ.



Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу