Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары жалғасуда

12.09.2019

Бүгін таңертең президент Бейжіңдегі халық батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аталған ескерткіш 19-шы, 20-шы ғасырда ұлт азаттығы үшін күрескен революционерлердің рухына арналған. Мемлекет басшысы сондай-ақ жалпықтайлық халық өкілдерінің жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Президент екі елдің парламентаралық байланыстарын ілгерілетуде жуырда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразия спикерлері форумының маңызына тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік сапар сәтті өтіп жатқанын және өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті Ли Чжаньшу мырза, біз бүгін бірінші рет кездесіп отырмыз. Өте қуаныштымын. Шын мәнінде кешегі сапарымыз өте ойдағыдай өте жемісті болды деп айтуға болады. Осы сәтті пайдаланып, Қытай халық республикасының 70 жылдық мерейтойымен сізді және бүкіл қытай халқын құттықтаймын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ


Хабарламаларға жазылу