Бүгін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің отырысы өтті

11.09.2019

Елімізде кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік пен темекі сатудың, жастардың ойын-сауық орындарында беймезгіл уақытта отыруын тексерудің тәртібі жоқ. Бүгін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде кей мемлекеттік органдардың кемшіліктері айтылды.

Атап айтсақ, Ішкі істер министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлерді тексерудің тәртібін салалық заңдарында бекітуі керек. Алайда салада қайшылықтар мен олқылықтар көп. Кәсіпкерлерден түскен арыз-шағымдарда полиция қажетті құжатты көрсетпейді, тіркеусіз тексерістер көп делінген. Сондай-ақ өсімдіктер карантины мен ветеринария саласында заңнама көп бұзылады. Мәселен, 2016 жылдан бері агроөнеркәсіп кешеніндегі тексерулер саны 6 есе өсіп еткен. «Мұндай ішкі және сыртқы бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлыққа жол ашады»,- дейді мамандар.

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП департамент директоры:    

Кәсіпкерлік кодекстің қабылданғанына үш жылдан асса да, Ауылшауашылық және Ішкі істер министрлігі тексерулердің жүргізудің тәртібін бекітпеген. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жол ашады.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу