ҚР Президенті Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VI отырысына қатысты

11.09.2019
ҚР Президенті Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VI отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында жоспарланған кездесулерде баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Атап айтсақ, Президент Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VI отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі баяндамасын және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын мемлекеттік тілде жасады.


Хабарламаларға жазылу