Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барды

11.09.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VI отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.

Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу