Елордада биыл 391 адам өз-өзіне қол жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада биыл 391 адам өз-өзіне қол жұмсаған

10.09.2019

Оның бесеуі қайтыс болды. Осы бағытта жұмыс істейтін мамандар суицидтің алдын алу шараларын түсіндірді.

Алғашқысы - халықпен психологтардың жұмысы, одан соң ақпараттандырылуы. Өз-өзіне қол жұмсау - мәселенің шешімі емес, проблеманы жақындарына еселеп тастап кету. Ғалымдардың зерттеуі бойынша өз-өзіне қол жұмсау туралы ақпарат дұрыс таратылмаса, сол аймақта суицид көбейіп кетеді. Кәмелет жасына толмағандардың мәселесі де кешенді зерттелуі тиіс.

Екатерина Миронова, дәрігер-психиатр:

Өз-өзіне қол жұмсау үшін 3 себеп жеткілікті: психологиялық, биологиялық және әлеуметтік. Осы үшеуі бір келсе, адам суицидке барады. Біз суицид көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында болғанбыз. Қазір алғашқы ондықтан шықтық. Дегенмен әлі де көп жұмыс істеуіміз керек.  

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу