Ы.Алтынсарин мұражайына виртуалды экскурсия жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ы.Алтынсарин мұражайына виртуалды экскурсия жасалады

10.09.2019

Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің мемориалды мұражайына енді үйде отырып-ақ саяхаттауға болады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында тарихи нысанның виртуалды нұсқасы дайындалған. Сол арқылы мұражайдағы жәдігерлерді 3D форматында тамашалуға мүмкіндік бар. 

Сонымен қатар, аудиожазбаны тыңдап, ұлы ағартушының өмірі мен қызметі жайлы жан-жақты ақпаратқа қанығасыз. Аудиожазба қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Яғни, қамтитын ауқымы кең. Бұл қадам мұражайды туризм үшін де тартымды нысанға айналдыруы тиіс. 

Марғұлан Оспанов, Ы. Алтынсарин атынағы мемориалдық мұражай басшысы:

«Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мақсатында мұражайдың 90 пайызы цифрландырылған. Бұл жұмыс жалғаса береді. Қызығушылар қашықтан тамашалау үшін көпшілікке осындай мүмкіндіктер жасап отырмыз. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу