Елімізде электронды сауданы дамытуға мән беру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде электронды сауданы дамытуға мән беру керек

09.09.2019

Елімізде электронды сауданы дамытуға мән беру керек. Бұл, әсіресе, отандық тауарларды экспорттау кезінде тиімді болмақ. Бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Қазіргі таңда экспортты дамыту бойынша министрлік 2025 жылға дейінгі жол картасын қабылдаған. Онда кәсіпкерлерді тарту және тұтынушылардың құқығын қорғау сияқты маңызды бөлімдер қарастырылған. Сонымен қатар алып-сатарлардан құтылып, тауарды тікелей өндірушіден алуды бір ретке келтіру керек. Министр ведомстваның алдында тұрған үш бағытты да атады. «Ішкі сауданың сапасын арттырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, сауда дипломатиясын дамытып, қымбатшылықпен күресу. Үшінші бағыт — Президент жолдауында айтылған тауар экспортын дамыту»,- деді министр Бақыт Сұлтанов.   

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі: 

Сауда соғысы дәуірінде біз экспорттағы позициямызды сақтап қалу ғана емес, қазақстандық өнімнің басқа елдерге өткізілуін кеңейтуге мән беруіміз керек. Жуырда шикізат емес тауарлардың экспортын ілгерілету жол картасы қабылданды. Онда тауарды шетелге шығару кезіндегі кедергілерді жою қарастырылған.

С. ОМАШ


Хабарламаларға жазылу