«Astana Marathon-2019» спорттық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Marathon-2019» спорттық шарасы өтті

09.09.2019

Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтті. Дәстүрлі спорт шарасы тек елдегі емес аймақтағы айтулы марафонға айналған. Биылғы марафонға 24 елден 5 мыңға жауық желаяқ қатысқан. Оның ішінде Бельгия, Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, секілді мемлекеттер мен қазақстанның 38 қаласынан келген қатысушылар болды. Марафон нәтижесі бойынша үздік желаяқ деп Өзбекстанна келген Зiкiролла Мамагулов танылды. Ол 42 шақырымды 2 сағат 26 минут 10 секундта жүріп өткен. Жеңімпаз желаяқтарға иеленген орындарына қарай 1 млн, 500 мың және 250 мың теңге қаржылай жүлде табысталды.  

Гаухар Брамлей, фентон «Astana Marathon-2019» директоры:

Шараның басты мақсаты қазақстан астанасына шетелдік туристерді тарту, бұқаралық спортты дамыту. марфонға қатысам деушілер саны жыл сайын артып келеді. шет елден келетін марафоншылар өз қаржысына келіп, қалада бірнеше күн болады. Бұл дегеніміз туризм үшін де, қала экономикасы үшін де, спорт саласы үшін де пайдалы шара. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу