«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшылық құрамы ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшылық құрамы ауысты

09.09.2019

Бас директордан бастап түрлі деңгейдегі жетекші лауазымдарға Германияның «DeutsheBahn» компаниясының 15 маманы шақырылған екен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен брифингте мәлім болды. Журналистермен кездесуге қыркүйектің екісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры болып тағайындалған Михаэль Кортюм де қатысты.

Жаңа басшының теміржол саласындағы еңбек өтілі – 30 жыл. «Қазақстан темір жолы» шетелдік мамандардың арқасында билеттердің жасанды тапшылығын жойып, бұл салада жаңа бизнес модель енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, жолаушылар тасымалының сапасын да арттырамыз, - деп отыр.

Жәнібек Тайжанов, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары:

Германия мамандарын жұмыс тәртібін реттеп, нақты маркетингте жаңа тәсілдер қолданады деген сеніммен шақырып отырмыз. Ал кімнің айлығы қандай екені және олардың қандай қызметтерге орналасытыны жайлы кейінірек «Қазақстан Темір жолы» айтып береді. «Жолаушылар тасымалы» ішінде құрылымдар өзгеруі мүмкін. Ал жаппай мамандардың санын қысқарту жоспарда жоқ. 

Сондай-ақ, министрлік темір жолдарда темір тәртіп орнату үшін пойызға шығатын алаңдарда турникет қоюды ұсынып отыр. Осылайша, билетсіз жүрушілердің де, билет тапшылығын қолдан жасайтын делдалдардың да жолын кеспекші. Әзірге ведомство қанат қақты жоба ретінде бас қала мен Қарағандыда енгізуді ұсынып отыр. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу