Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді

08.09.2019

Қалтаға есірткі затын салып жіберу, ұрып-соғып, істемегенді істедім дегізу, азаптау... Мұндай сұмпайы әрекеттерге жол бойында ақша бопсалауды қосыңыз. Қыл аяғы, қайтыс болған адамды жерлеумен айналысатындарға өлген кісі туралы ақпарат сататын, өздерінің жазылмаған заңдары мен ережелері бар... Үлкен құрылымды осылай да сипаттауға болады. Рақмет айтатын сәт көп, өте көп.

Өзін құрбан еткендері, тәуекелге барып жүргендеріне мың алғыс. Бірақ мың жерден жүрегіміз елжіресе де, ұмытпайық – бұл олардың қызметі. Мойнына алған міндеті. Өздері таңдаған жол. Түптеп келгенде полицияның бір біріне қарама-қайшы екі түрлі сипаты бар. Қай сипаты басым екенін әркім шамалайды, біреулер нақты біледі.

Жолдауда Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінетіні айтылды. Көргенде дір ете қалатын рефлекстен айырып, қорғаным бол!, деп халықтың өзі беретін қаржы.


Хабарламаларға жазылу