Жемқорлықпен жүйелі күресті күшейту үшін мемлекет не істеп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықпен жүйелі күресті күшейту үшін мемлекет не істеп жатыр?

07.09.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің еңсесін тіктеп, Қазақстанның дамуын айқындайтын 10 бағытты көрсетті. Біріншісі «Халықтың табысын арттыру» болса, екіншісі бүгін біз тілге тиек еткен «Сыбайлас жемқорлықты жою». Бірінші қыркүйекке дейін халықтың қазынасына қол салып, қол салғанда да мол салып қалуға тырысатын жемқорларды жүгендейтін реформалар топтамасын дайындау тапсырылды. Нәтижесін қазір айтамыз. «Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел» дегенді айтқан Президенттің сөзін жауаптылар жаттап алып,парақорларды жаппай қоғамнан аластатуға көшеді деп сенеміз. Өйткені ана мен баланың, ата мен әженің, қарапайым қызметкердің қаржысын қолды қылуға, заңды белден басып халықтың ырзығын жұтуға ешкімнің құқығы жоқ. Билік пен бұқара бірге күреседі. Осы тұста 1424 деген жедел желінің бар екенін еске саламыз. 3 жыл бұрын қосылған бұл жерге қоңырау шалып, жемқорлық фактісі туралы айтуға болады. Дереу құзырлы орындар тексереді, тентекті тезге салады.


Хабарламаларға жазылу