Негізгі мәселелер азаматтық диалог аясында талқылануы тиіс

06.09.2019

Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер азаматтық диалог аясында талқылануы тиіс. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевпен кездескен зиялы қауым өкілдері осындай ортақ ойға тоқталды. Бұл жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог-қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдау жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, танымал тұлғалар бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша сұрақ қойып, жауап алды. Мәселен, жазушылар қауымы кейінгі күндері көп айтылып жүрген Қытайдың инвестициялық жобаларына қатысты елдің сөзін жеткізіп, ақиқатын сұрады. Өз кезегінде, Бердібек Сапарбаев елдің әлеуметтік -экономикалық дамуын түгелдей түсіндіре келе, Қытайлық жобаларға қатысты өз ұстанымын жеткізді. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Бірде-бір ескі зауыт, ескі технология Қазақстанға келмейді. Ол - бірінші қойылған шарт. 

Біздің де жүрегіміз бар, қанымыз бар, жанымыз ашиды. Ұлтымыз өссін дейміз, мемлекетіміз дамысын дейміз, сондықтан оның барлығын қарап отырмыз. Біз оған жол бермейміз.  

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу