Уранды тез байытатын центрифуга жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уранды тез байытатын центрифуга жасалады

05.09.2019

Ертең Иран уранды тез байытатын центрифуга жасауға кіріседі. Осылайша бұл мемлекет 2015 жылы әлем державаларымен қол қойылған ядролық келісімнен бас тартуға тағы бір қадам жасамақ. Мұны президент Хасан Рухани мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеран осы саладағы құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында барлық шараларды қолданады.

Төрт жыл бұрынғы пәтуаға сәйкес, Ислам Республикасының екі ядролық станциясында шектеулі дәрежедегі центрифугаларды қолдануға рұқсат етілді. Ал ертеңнен бастап жетілдірілетін центрифугалар Иранға потенциалдық атом бомбасын жасауға қажетті материал өндіруге мүмкіндік береді. 

АҚШ бұл мемлекетті зымырандық бағдарламасын дамытты, Таяу Шығыста терроризмді қолдады деп айыптап, 2015 жылғы келісімнен шығып, Тегеранға қарсы санкцияларды қалпына келтірді. Ал бұған ашынған Иран өзіне тағылған кінәларды түгелдей жоққа шығарып, кейінгі кездері атомдық өнеркәсібін дамытуды қолға алып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу